Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының полицейлері ЖКО куәгерлерін іздеуде

Ақтөбе облысының полицейлері ЖКО куәгерлерін іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылы 11 тамыз күні сағат 23:40 шамасында жүргізуші Daewoo Nexia маркалы автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласы Әйтеке Би көшесі жағынан Қонаев көшесі бойымен, М. Өтемісов көшесіне қарай бағытталып келе жатып, Жанқожа батыр көшесі бойымен, Жамбыл көшесі жағынан, Кобозева көшесіне қарай бағытталып келе жатқан Lada 21703 маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

ЖКО нәтижесінен Lada 21703 маркалы автокөлігінің жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған, ал екі адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Ақтөбе облысы Анықтау басқармасы ЖКО куәгерлерін 93-64-04, 936-410, 8-705-970-80-48, 8-775-832-07-98 телефонына хабарласуды немесе Ақтөбе облысы ПД АБ №404 кабинетіне жолығуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру