Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас жүргізушілер қамауға алынды

Павлодар облысында мас жүргізушілер қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын Павлодар облысы Полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 160-қа жуық түрлі құқық бұзушылықтың жолын кесуде.

– Тек өткен тәулікте ғана патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 161 құқық бұзушылықты анықтады. Мас күйінде көлік жүргізген төрт жүргізуші ұсталды. Ұсталғандардың бәрі шұғыл түрде жұмысқа шақырылғанын түсіндірді. Мысалы, 13 тамызда сағат 04.50-де “Павлодар-Успенка” автожолының 79 шақырымында алкогольдік мас күйінде болған Таволжан ауылына асыққан 44 жастағы жүргізушінің басқаруымен Volkswagen автокөлігі ұсталды. Басқа жағдайда, сағат 03.00-де “Павлодар-Шарбақты” автожолының 80 шақырымында Малиновка ауылына бара жатқан 44 жастағы жүргізушінің басқаруымен Volkswagen Passat автокөлігі ұсталды, ол да мас күйінде болды, – деді Павлодар облысы патрульдік полиция ротасы командирінің міндетін атқарушы Әділет Мерғазин.

Осыған ұқсас мысалдар, сағат 08.15 шамасында Ленин кенті-Мақажанов көшесі бойында рота инспекторлары ауыл тұрғынының басқаруындағы ВАЗ 2107 автомашинасын тоқтатты. Сағат 00.50-де Екібастұз қаласында Б. Момышұлы көшесінде 40 жастағы қала тұрғынының басқаруымен Audi А8 автокөлігі тоқтатылды.

Құжаттарды тексеру кезінде ер адамдардан алкогольдің өткір иісі пайда болды. Куәландыру жүргізушілердің барлығы мас күйінде болғанын растады.

Барлық жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, автокөліктер айыппұл тұрағына қамалды, ал материалдар сотта қаралды. Сот қаулысымен төрт адамның барлығы жеті жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылды, сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Айта кетейік, қамауға алуды барлығы бірге өтеп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру