Шымкентте алаяқ тұрғынның 2 млн теңгесін иемденіп кетті
Шымкентте алаяқ тұрғынның 2 миллион теңгесін иемденіп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Онда белгісіз адам Шымкент қаласы Ә. Жангелдин көшесіндегі сауда орталығының алдында 20 миллион теңге несие алып беремін деп екі миллион теңге ақшасын алып, алдап кеткенін көрсеткен.
Еңбекші АПБ КПБ жедел уәкілдерімен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тұрғынды алдап кеткен азамат анықталды.
Полиция басқармасының тәртіп сақшылары қаржылай несие алу бойынша тек арнайы мамандарға баруға кеңес береді.