Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша шаралар қабылдауда

Алматы облысының полицейлері балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша шаралар қабылдауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары аудан аумағында балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу, сондай-ақ жазғы демалыс кезіндегі БЖКЖ-ның алдын алу, сондай-ақ балаларда көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұруына байланысты дағдыларды нығайту мақсатында «Абайлаңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Балалар жол-көлік жарақатының негізгі себептері, төмендегі Жол жүру ережелерін бұзуында болып табылады:
– жаяу жүрушінің жолынан тыс жолдың жүру бөлігінен өтіп кету;
– рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өту;
-реттеу дабылына бағынбау;
– тұрған көлік, құрылыс, көк көшеттерге байланысты жолдың жүретін бөлігіне абайсызда шығып кету;
– тротуар бола тұра жолдың жүретін бөлігінің бойымен жүру;
– көлік қозғалысының бағыты бойынша жолдың жүретін бөлігінің бойымен жүру;
– жолдың жүретін бөлігінде және жолға таяу ойнау.
– Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі – ең басты байлық. Осы орайда өткізіліп жатқан акцияның басты мақсаты – балалардың жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақаттануының алдын алу, көшеде қауіпсіз жүруін түсіндіру, – дейді Еңбекшіқазақ АПБ бастығы Жақсылық Алтынбаев.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру