Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық полицейлер сериялық алаяқты ұстады

Тараздық полицейлер 21 алаяқтық жайтына қатысы бар ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы Полиция басқармасының бірінші полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің қызметкерлері алаяқтықтың көп эпизодты дерегін ашты.

Полицияға Жамбыл облысының аудандарының тұрғындары хабарласып, 2020-2021 жылдар аралығында Тараз қаласының аумағындағы «Технодом» сауда үйінде орналасқан «Хоум Кредит Банк» акционерлік қоғамының 27 жастағы несие кеңесшісінің іс-әрекетінен зардап шеккендері туралы шағымданған.

Ұялы телефон сату сылтауымен өз клиенттерінің сеніміне кіріп, жас жігіт бірнеше рет қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Орын алған 21 эпизод бойынша алаяқтықтың жалпы шығыны 4 миллион теңгеден асады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тәртіп сақшыларымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижесінде жоғарыда аталған несие кеңесшісі анықталып, ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, осы алаяқтың құрбаны болуы мүмкін өзге де адамдар анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру