Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлер мас жүргізушіні анықтады

2021 жылғы 7 тамыз күні Ақтау – Форт-Шевченко тас жолында Түпқараған ауданының полиция қызметкерлері мас күйінде болған ВАЗ-2107 автокөлігінің жүргізушісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сондай-ақ, 2020 жылдың желтоқсанында Ақтау қалалық сотының шешімімен ер адамның көлік құралын басқару құқығынан тоғыз айға айырылғандығы анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Маңғыстау облысының полиция басшысы Жанарбек Бақтыбаев жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайлары жиілеп кеткенін атап өтті.

“Жүргізушілер мас күйінде көлік жүргізуді тоқтатар емес. Әр әрекеттің салдары бар. Мен азаматтарды жол ережелерін сақтауға шақырамын!”, – деп толықтырды Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру