«Anti-fraud»: ШҚО-да 12 интернет-алаяқтық анықталды
«Anti-Fraud» жедел алдын алу шарасы шеңберінде 9-15 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысы ПД қызметкерлері ақпараттық жүйелер саласында бұрын жасалған алты қылмысты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бір апта ішінде ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел алдын алу іс-шарасы барысында 15 қылмыстың ізі кесілді, оның 12-сі интернет-алаяқтық фактісі.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 11 қылмыс ашылды, сондай-ақ бұрын жасалған 33 қылмыс ашылды.
Ғаламтор желілерінде мониторинг жүргізу нәтижесінде порнографиялық сипаттағы бейне роликтері бар 70 заңсыз сайт анықталды.
Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады, ақшалай қаражатты бейтаныс адамдарға бермеңіз, өзіңіздің банктік карталарыңыздың деректерін, сондай-ақ банктерден және ұялы операторлардан келіп түсетін құпиясөздер мен кодтарды ешкімге хабарламаңыз, сатып алуларды тауарды алғаннан кейін ғана төлеңіз.