Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы лас жүк көлігінің жүргізушілерін жазалауда

Алматы полициясы лас жүк көлігінің жүргізушілерін жазалауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жұмыс “Автокөлік” жедел алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілуде. Іс-шараның бес күнінде тек қаланың орталық бөлігінде 106 жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылды.

– Атап айтқанда, ҚР ӘҚбК-нің 602-бабының талаптарын бұзғаны үшін – 15 факт, ҚР ӘҚбК-нің 630-бабы 1-бөлігі – 28 факт, ҚР ӘҚбК-нің 334-бабы 1-бөлігі – 20 факт, ҚР ӘҚбК-нің 601-бабы 1-бөлігі – 6 факт, ҚР ӘҚбК-нің 620-бабы 1-бөлігі – 15 факт, ҚР ӘҚбК-нің 593-бабы 1-бөлігі – 8 факт, ҚР ӘҚбК-нің 595-бабы 1-бөлігі – 5 факт, ҚР ӘҚбК-нің 590-бабы 5-бөлігі – 4 факт, ҚР ӘҚбК-нің 594-бабы 1-бөлігі – 5 факт және т.б. Бұл ретте айта кету керек, көбінесе лас көліктер құрылыс жобаларында қолданылады. Құрылыс алаңынан шығып, жол бойында кетіп бара жатқан ауыр жүк көлігінің жүргізушілері өздерінің көліктерін таза күйге келтіруге міндетті. Іс жүзінде, тәжірибе көрсеткендей, бұл тәртіп барлық жерде сақталмайды. Көрсетілген алдын алу іс-шарасы осындай фактілерді анықтауға бағытталған, – деп хабарлады Медеу аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы Елнұр Құдретбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру