Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полициясы малды қараусыз еркін жаюдың салдарын жеткізді

Алматы облысының полициясы малды қараусыз еркін жаюдың салдарын жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Малдардың еркін қараусыз жайылуына жол бермеу мал ұрлығының алдын алуға және малдың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларына жол бермеуге бағытталған. Жолға шыққан малдың кесірінен болған жол-көлік оқиғасы жүргізушілер мен жолаушылардың жарақат алуына, адамдардың өліміне әкеліп соғады.

– Полиция қызметкерлерімен жүргізілетін түсіндіру жұмыстары мен ескертулерге қарамастан малын қараусыз қалдырып, соның салдарынан материалдық шығын келтіріліп жататын жағдайлар да жиі кездеседі. Малдарды бағымсыз (еркін) жаюға жол берген азаматтар, заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оған мысал, иесіз жүрген малдардың Тасқарасу ауылында орналасқан Алмабай жеке шаруашылығының егістік алқабына кіріп, егістік алқабындағы егістігін жеп, таптағаны бойынша А.есімді азаматтың арыздануы. Аталған дерек бойынша мал иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 147-бабының 1-бөлігі және 408-бабының 1-бөлігімен айыппұл салынды, – дейді Ұйғыр АПБ Тасқарасу ауылының учаскелік полиция инспекторы Э.Турусбеков.

Осы орайда, мал ұрлығына жол бермеу үшін жануарларды қараусыз қалдырмауға, қора орындарын қорғаныс құралдарымен жабдықтауға және егер ұрлық орын алған жағдайда, дереу полицияға хабарласуға кеңес береміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру