Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аққулы ауданында борышкерлерден 236 мың теңге өндірілді

Аққулы ауданында борышкерлерден 236 мың теңге өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу нәтижесінде Аққулы ауданының полицейлері 236 мың теңге айыппұл төлемеген борышкерлерден өндіріп алды.

– Алдын алу іс-шарасы әкімшілік айыппұлдарды төлемейтіндерге шара қолдану және анықтау, жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету мақсатында өткізілді. Рейдтік іс – шаралар тек жолдарда ғана емес, қасақана төлемеушілердің тұрғылықты жері бойынша да жүргізіледі, – деп хабарлады Павлодар облысы Аққулы ауданының полиция бөлімінің бастығы Тасқын Бодиев.

ППД мен қоғамдық тәртіпті бұзбау жеткілікті, ал егер құқық бұзушылыққа жол берілсе, айыппұлды уақытында төлеу керек. Азаматтарда әрдайым айыппұл сомасын азайту мүмкіндігі бар, яғни жеті күн ішінде айыппұл сомасының 50%-ын төлеуге болады, түбіртекті дереу полиция бөліміне ұсыну қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру