Көкшетауда ер адам жалдамалы пәтерден техника жымқырып, сатып жіберген
Көкшетауда ер адам жалдамалы пәтерден техника жымқырып, оны сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 тамызда Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне 41 жастағы қала тұрғынының жалға берген пәтерінен еркін қол жеткізу жолымен «LG» маркалы теледидарды ұрланғаны туралы өтініші келіп түсті. Шығын сомасы 175 мың теңгені құрады.
Әйел елордаға кетіп, өз пәтерін әріптесіне жалға бергенін айтты. Жеті айдан кейін ол кенеттен келіп, үйде теледидар мен басқа да шағын техниканың жоқ екенін көрген. Бұрын сотталмаған 27 жастағы ер адам өз кінәсін мойындады. Ол ақшаға мұқтаж болғанындықтан, қылмыс жасағанын түсіндірді. Ер адам теледидарды сайттардың біріне жарнама орналастыру арқылы сатқан және түскен қаражатты жұмсап жіберген.
ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «Келу міндеттемесі» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.