Шымкенттік полицейлер карантин талаптарын бұзған кафені анықтады
Шымкенттік полицейлер карантин талаптарын бұзған кафені анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші АПБ қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шара жүргізуде.
2021 жылдың 18 тамызында түнгі сағат 23:30-да аудан аумағында орналасқан «BEER CLUB» кафесі карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқаны анықталды.
Карантин талаптарын сақтамаған кәсіп иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін іс-құжаттары Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.