ҚАЖ қызметкерлері Екібастұзда жедел жәрдем жүргізушілеріне ыстық түскі ас берді
ҚАЖ қызметкерлері Екібастұзда жедел жәрдем жүргізушілеріне ыстық түскі ас берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көбінесе бұл қиын уақытта жедел жәрдем жүргізушісінің жұмысын бәрі бірдей түсіне бермейді. Жедел жәрдем жүргізушілерінің толық тамақтануға уақыты болмай қалатын кездері болады. Осыған байланысты Екібастұз қаласы пробация қызметінің қызметкерлері оларды ыстық түскі аспен тамақтандыруды шешті.
– Жедел жәрдем жүргізушісінің жұмыс ерекшелігі елеулі моральдық шыдамдылық пен дене төзімділігін қажет етеді. Бұл – жауапты, ауыр және кейде қауіпті жұмыс. Науқастың өмірі көбінесе дәрігердің шеберлігіне де, жүргізушінің дұрыс әрекетіне де байланысты, – дейді жүргізуші Арсен.
COVID-19-ға байланысты қалыптасқан төтенше жағдайларда жүргізушілер батылдық пен өздерінің ең жақсы адамдық қасиеттерін көрсетеді. Шынында да, олардың көпшілігі инфекцияның жоғары қаупіне қарамастан жұмыс істейді.
– Біздің Павлодар облысымыз қызыл аймақта болуды жалғастыруда. Жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бір тәулікте облыста 388 адамда коронавирус анықталды. Сонымен қатар, тек 32-cінде аурудың белгілері болмаған. Олардың көпшілігі коронавирусты облыс орталығында жұқтырған – 197 адам, тағы 94 – Екібастұзда және 35 – Ақсу қаласында. Осы жағдайға байланысты жедел жәрдем жүргізушілеріне үлкен жүктеме мен жауапкершілік жүктеледі, – деп түсіндірді Екібастұз қаласы пробация қызметінің аға инспекторы Лаура Суханова.