Шымкентте сауда орталығында тұрғыннан телефон ұрлап кеткен тараздық анықталды
Шымкентте сауда орталығында тұрғыннан телефон ұрлап кеткен тараздық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 17 тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында сауда орталығында өзіне тиесілі құны 140 000 теңге тұратын «OPPO A74» маркалы ұялы телефонын белгісіз жағдайда ұрлап кеткенін көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының тұрғыны анықталды. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.