Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда полицияға жыл басынан бері 80 мыңға жуық қоңырау келіп түскен

Жыл басынан бері Орал қаласы ПБ Жедел басқару орталығына 79 307 хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бейнебақылау камералары заң бұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың “ізін суытпай” ашылуына көмегін тигізуде.

Өткен аптада нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 248 факті анықталып, хаттамалар толтырылды.

Соның ішінде: ұсақ бұзақылық – 31 жәйт, қоғамдық орындарда ішімдік ішу – 28 жәйт, жолда жүру ережелерін бұзу – 185 жәйт және 4 өзге де құқық бұзушылықтар анықталды.

Ағымдағы жылдың басынан Орал қаласы ПБ Жедел басқару орталығының “102” арнасына әртүрлі санаттағы барлығы 79 307 хабарлама келіп түскен. Оның ішінде 2 663 факті қылмысқа қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру