Кафеде танысқан: Қарағандыда ер адам әйелдің телефонын ұрлап кетті
Қарағандыда жаңа танысы әйелдің телефонын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 тамызда 44 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне шағымданды. Белгісіз біреу оның 90 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткенін жеткізді.
Анықталғандай, жәбірленуші кафеде жүргенде белгілі бір азаматпен танысқан. Танысудың соңы ұялы телефонның жоғалуымен аяқталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 36 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол мойындады. Ұялы телефон алынып, иесіне қайтарылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 -бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.