Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған екі бала зардап шекті
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған екі бала зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 тамыз күні сағат 21.30-да Hyundai Sonata автомашинасының 26 жастағы жүргізушісі Қазақстан 30 жылдығы көшесімен жүріп келе жатып, көлік құралының толық тоқтауына немесе кедергіні қауіпсіз айналып өтуіне дейін жылдамдықты төмендету шараларын қабылдамай, кәсмелетке толмаған жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.
ЖКО нәтижесінде 5 және 8 жастағы екі бала Ақтөбе қаласының ОБКА-ға жеткізілді, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін 5 жасар бала үйіне жіберілді.
– Тек тұрақты әңгімелер мен ескертулер арқылы балалардан жол ережелерін сақтауға және оларда қауіпсіз мінез-құлық моделін қалыптастыруға болады. Балалармен жолдағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы сөйлесіңіз, білімді жеке үлгіңізбен нығайтыңыз. Балаларыңызды бақылаңыз, балалардың сыртқы киімінде жарық шағылыстыратын элементтердің болуын қамтамасыз етіңіз, – деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.