Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көпбалалы ана ақмолалық полицейлерге алғыс айтты

Көпбалалы ана ақмолалық полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқу жылының басталуы қарсаңында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізіледі. Жыл сайын полицейлер оған белсенді қатысып, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмектеседі.

Облыс орталығының тұрғыны, бес баланың анасы Торғын Ысқақова көмек көрсеткені үшін Ақмола облысы Полиция департаменті Штабының қызметкерлеріне алғысын білдірді. Биыл оның ұлы бірінші сыныпқа барады. Оған арнап полицейлер киім-кешек пен кеңсе тауарларын сатып алып берді. Өз кезегінде, көпбалалы ана тәртіп сақшыларына көрсеткен көмектері үшін шын жүректен алғысын айтып, оларға жұмыста табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру