Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері жалға берілетін тұрғын үйге өтемақы алу үшін құжаттар жинауды бастады

Алматы полицейлері жалға берілетін тұрғын үйге өтемақы алу үшін құжаттар жинауды бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінде тәртіп сақшыларына полиция қызметкерлерін қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидалары бекітілген ҚР Үкіметінің 05.08.2021 No524 Қаулысының талаптары, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін, тағайындалуын, қайта есептелуін, орындалуын, тоқтатылуын, тоқтата тұруын және қайта басталуын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ІІО қызметкерлері лауазымдарының санаттары түсіндірілді.

– 23 тамыздан бастап ескі есеп бойынша тұрғын үйді жалға алу үшін берілетін төлемдер тоқтатылды. Жалдау ақысын алу үшін бекітілген тізім бойынша құжаттарды жинау ұйымдастырылды, ол ПД-нік Тұрғын үй комиссиясына беріледі. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін полиция реформасы аясында жалға берілетін тұрғын үйге өтемақы енгізілген болатын. ІІМ-нің мәліметінше, қазір тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақыны тек жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар, учаскелік полиция, ювеналды полиция инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері де алады. 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, ҚР қорғаныс Министрлігінің әскери қызметшілерімен ұқсастығы бойынша тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдарының тізімі кеңейтілді. Бұл жеке құрамның әлеуметтік қорғалуын жақсарту бойынша бұрын-соңды болмаған шаралар, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

Баяндамашы сонымен қатар, кезекші бөлімдердің, конвой қызметінің батальонының, уақытша ұстау изоляторының, қабылдап-тарату бөлімінің және әкімшілік қамауға алынған ПД-нің арнайы ұстау изоляторының қызметкерлері жаңа механизм бойынша өтемақы алып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру