Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бородулиха ауданының тұрғыны ағаштарды заңсыз кесумен айналысқан

Бородулиха ауданының тұрғыны ағаштарды заңсыз кесумен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 тамызда түнгі уақытта табиғат қорғау полициясының қызметкерлері «Семей Орманы МОТР» РММ Бородулиха филиалы Дмитриевка орманшылығының орман отырғызу жолағында ерекше қорғалатын табиғи аумақта Дмитриевка ауылының тұрғынын ұстады. Ол «ТАНК» бензопиласының көмегімен бес «қарағай» ағаштарын (3,62 текше метр көлемінде) заңсыз кесуді жүзеге асырған. Келтірілген жалпы шығын 40 мың теңгеден асты.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, заңды шешім қабылдау үшін Бородулиха аудандық сотына жолданды.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде табиғат қорғау полициясының бөлімшелері ағаш кесу фактілеріне жол бермеу мақсатында 98 рейдтік іс-шара өткізді. Жүргізілген жұмыс барысында тәртіп сақшылары  ағаштар мен бұталарды заңсыз кесудің 49 фактісін анықтады, олар бойынша ҚР ҚК-нің 340-бабына сәйкес (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу) алты сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК 381-1-бабына сәйкес (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу) 43 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Заңсыз дайындалған 141,8 текше метр ағаш тәркіленді. Мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 5 миллион теңгені құрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру