Ақтөбеде полиция ұрланған велосипедті пошташыға қайтарды
Ақтөбеде полиция ұрланған велосипедті пошташыға қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
№3 қалалық полиция бөліміне «Қазпошта» АҚ-ның 35 жастағы қызметкері велосипед ұрлағаны туралы арыз берген. Әйелдің айтуынша, ол «Стелс» маркалы велосипедін пошта тасу кезінде Шернияз көшесіндегі үйлердің бірінің ауласына қойған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен қаланың 36 жастағы тұрғынын ұстады.
Ер адам қылмысын мойындап, ұрланған «Стелс» велосипеді тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Жыл басынан бері облыс аумағында 102 велосипед ұрланды, оның 58-і ашылды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтардан велосипедтерін қараусыз қалдырмауды сұрайды. Өзіңіздің екі дөңгелекті көлігіңізден айырылып қалмау үшін, міндетті түрде айдап кетуге қарсы құралдар мен шынжырларды пайдаланыңыз. Бейнебақылау камераларының көру аймағындағы орындарға тұраққа қойыңыз. Егер үйдің кіреберісінде күдік тудыратын бейтаныс адамдарды байқасаңыз, полицияға 102 нөмірі бойынша хабарлауыңызды сұраймыз.