Ақтөбеде 1 мыңнан астам жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды
Ақтөбеде 1 мыңнан астам жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысының аумағында ағымдағы жылдың 23-29 тамыз аралығында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.
Аталған іс-шараның мақсаты – көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу, сондай-ақ жол қауіпсіздігін сақтау болып табылады.
“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің төртінші күні Ақтөбе облысы ПД қызметкерлері 80 қылмысты тіркеді, оның 52-сі кезекші тәулікте ашылды. Заңсыз алып жүру мен сақтаудың 93 фактісі анықталды, оның 86-сы суық қаруды алып жүргені үшін.
Облыс тұрғындары 3 134 әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген, олардың басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін. Мәселен, 1 074 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Жол қозғалысының барлық қатысушыларымен тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде, осылайша жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 837 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде есепке алынған адамдарды тексеруге, заңсыз пәтерлерді жалға беретін адамдарды анықтауға, қару иелерін тексеруге ерекше көңіл бөлінеді. Тәртіп сақшыларының назары өзге де құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтауға және жолын кесуге аударылатын болады. Полиция департаментінің барлық жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне көшті. Іс-шара шеңберінде облыс аумағында полиция нарядтарының тығыздығы артты. Іс-шара аясында полицейлер әкімшілік құқық бұзушылықтарға “нөлдік төзімділік” қағидатын негізге алады, – деп толықтырды ПД бастығы Атығай Арыстанов.