Шымкенттік тұрғын ОLХ алаяғына алданды
Шымкенттік тұрғын ОLХ алаяғына алданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданы Полиция басқармасының 102 арнасы арқылы, жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында балаларға арналған кереуетті сатып алмақ болып OLX интернет желісі арқылы тапсырыс берген. Белгісіз тұлғаның есепшотына 29 800 теңге ақшасын аударып, алайда ешқандай кереует алмағанын, не ақшасын қайтармағаны туралы жазып көрсеткен.
Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының жергілікті тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.