Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы патрульдік полиция қызметкерлерінің жұмыс сапасына бақылауды күшейту туралы хабарлады

Алматы полициясы патрульдік полиция қызметкерлерінің жұмыс сапасына бақылауды күшейту туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел басқару орталығының мәліметінше, Алматы қаласында орташа есеппен 500 патрульдік бағытты полицияның кешенді күштерінің нарядтары жауып тастайды. Қоғамдық тәртіпті қорғауға 1 300-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылған.

– Жедел басқару орталығы тұрақты түрде радиобайланыс арқылы және GPS-жүйесі арқылы патрульдік нарядтар мен ПБ аудандардың кезекші тергеу-жедел топтарының қызметін, олардың оқиға болған жерге уақытында келуін бақылайды. Біздің бөлімшеде бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылды, оның көмегімен автоматты режимде патрульдік полицияның автокөліктерінің тағайындалған учаскелерде және патрульдік бағыттарда қызмет көрсетулері, олардың оқиға орнына келу уақыты да бақыланады. Азаматтармен тікелей байланыста болатын сыртқы қызметтер қызметкерлерінің жұмысын бақылауға көп көңіл бөлінеді. Дөрекілік, сыбайлас жемқорлық сынды құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында патрульдік полиция бейне тіркеуіштермен жабдықталған, – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының бастығы Андрей Квашнин.

Алматы қаласының Полиция департаментінде патрульдік полиция қызметкерлеріне арналған бейнебақылау тобы құрылды, олардың кеуде тіркегіштеріндегі бейне кескіндерді “онлайн режимінде” қарау мүмкіндігі бар. Топ қызмет көрсету сапасын бақылайды, азаматтармен қарым-қатынас кезінде бұзушылықтар мен дөрекі қарым-қатынас фактілерін анықтайды. Талдау нәтижелері бойынша қызметтік және әскери тәртіпті бұзушыларға шара қолданылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру