Терминалды ашпақ болған қарағандылық ұсталды
Терминалды ашпақ болған қарағандылық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 тамызда телекоммуникация кәсіпорындарының бірінің өкілі Қарағанды қаласының ПБ орталық полиция бөліміне хабарласқан. Белгісіз біреу терминалды ашпақ болып, жабдықты бүлдірген. Келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құрады.
Полиция оқиға орнында орнатылған бейнекамерадан күдіктінің жеке басын анықтады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 28 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындап, ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.