Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автокөліктен ұялы телефон ұрлаған шымкенттік анықталды

Автокөліктен ұялы телефон ұрлаған шымкенттік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 тамызда Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу автокөлігінен 30 мың және 70 мың теңге тұратын ұялы телефондарын кеткенін көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру