Дүкеннің кассасынан ақша ұрлаған тараздық қамауға алынды
Дүкеннің кассасынан ақша ұрлаған тараздық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 тамызда полицияға Тараз қаласының 34 жастағы тұрғыны көмекке жүгінді. Белгісіз адам түнгі уақытта бір құрылыс дүкенінің есігін бұзу арқылы кассалық аппараттан 81 500 теңге көлеміндегі ақшаны жасырын ұрлап кеткен.
Сол күні іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері облыс орталығының 30 жастағы тұрғынын анықтап, оны тұтқынға алды. Ол өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының УҰИ-на қамауға адынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.