Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Тұрғын үй алып беремін»: шымкенттікті алдаған алаяқ анықталды

Шымкенттікті 1,2 миллион теңгеге алдаған алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы Полиция басқармасына «102» нөмірі арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз адам сеніміне кіріп, тұрғын үй алып беремін деп 1,2 миллион теңге ақшасын алаяқтық жолмен иеленіп кеткенін көрсеткен.

Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғынын анықтап, жеткізді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру