Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері 1,5 миллион теңгелік астық ұрлығының жолын кесті

СҚО полицейлері 1,5 миллион теңгелік астық ұрлығының жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыркүйектің 2-сі кешке Ғ.Мүсірепов ат. ауданның ПБ қызметкерлерінің мобильдік тобы ЖШС-дің бірінің қырманында жарығы өшірілген «КамАЗ» көлігін байқайды. Жедел уәкілдердің көзінше екі комбайн бункерлерінен кезекпен астық төккен. Жүк көлігінің жүргізушісі мен екі комбайншы сол жерде ұсталды. Полицейлер келісімен қашып үлгерген шебер-реттеуші мен жүк көліктің иесі анықталып, келесі күні ұсталды. «КамАЗдың» шанағында 10 тоннадан астам астық болған. Шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-б. (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Барлығы – Айыртау ауданының тұрғындары. Ұрлық жасалған егістік тиесілі ЖШС-тің 51, 42 және 26 жастағы жұмысшылары, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Әр ауданда тәжірибелі қызметкерлердің – учаскелік инспекторлар, жедел уәкілдер, патрульдік полицейлер санынан мобильдік топтар құрылды, – деп нақтылады СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров. – Олардың басты міндеті – ауыл шаруашылық құрылымдарына жаңа астықтың сақталуын қамтамасыз етуге көмек көрсету. Тамыздың 23-нен облыста «Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алды. Іс-шара егіс науқаны кезеңінде астықтың, жанар-жағармай материалдарының, ауыл шаруашылық техникасының қосалқы бөлшектері ұрлығына жол бермеу және ашу үшін өткізіледі. Полиция қызметкерлері астық тасымалдайтын көліктерді тексереді, мобильдік топтар құрамында жергілікті маңызы бар жолдарды патрульдейді. Бұл ЖПІШ басынан анықталған астық ұрлаудың алғашқы фактісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру