Ақмола полицейлері облыстың екі тұрғынына жоғалған малын қайтарды
Ақмола полицейлері облыстың екі тұрғынына жоғалған малын қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы ПД криминалдық полиция құрылымдарының қызметкерлері 4-5 қыркүйек аралығында Зеренді және Астрахан ауданында мал ұрлығы мен жоғалған бұзаулардың орналасқан жерін анықтады. Осылайша, Ақкөл ауданының 54 жастағы тұрғыны сегіз жасар айғырды ұрлау фактісі бойынша Зеренді ауданының ПБ полиция бөліміне жүгінді. Өтініш беруші шығын сомасын 800 мың теңге көлемінде бағалады.
Қылмыс жасау үшін қаскүнем ауланың есігін бұзып, малды алып кеткені анықталды. Тергеу-жедел іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол бұрын ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған Көкшетау қаласының 41 жастағы тұрғыны болып шықты.
Осы уақытта полицияға Астрахан ауданының Жарсуат ауылының 50 жастағы тұрғынынан арыз келіп түсті, ер адам оған тиесілі төрт бұзаудың еркін жайылымнан жоғалып кеткенін хабарлады.
Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, ал жануарларды іздестіру үшін полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері жоғалған бұзауларды Шортанды ауданынан 18 шақырым жерде, Оксановка ауылының маңында тапты. Қазіргі уақытта мал заңды иесіне қайтарылды.