Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полицейлер үйінен қашып кеткен қыздарды тапты

Ақтөбеде полицейлер үйінен қашып кеткен қыздарды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қыркүйекте 2008 және 2009 жылдары туған екі кәмелетке толмаған қыз үйден шығып, кешке үйлеріне оралмаған.
Қыздардың ата-аналары полицияға жүгінді. Еріктілермен бірге жедел іздестіру топтары құрылды. Кәмелетке толмағандардың болуы мүмкін барлық орындар тексерілді. Келесі күні іздеу шаралары барысында «Қарғалы» тұрғын алабында патрульдік полиция қызметкерлері екі қызды тауып алып, оларды полиция бөліміне жеткізіп, ата-аналарына тапсырды.

Анықталғандай, кәмелетке толмаған қыздар құрбысының үйіне қонуға рұқсат бермегендіктен үйден кетіп қалған.
Полицейлер қыздармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, ал ата-аналарды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

– Тек қана баланы кінәлауға болмайды. Бұл жерде ата-аналардың рөлі де маңызды. Үйден қашу ата-ана мен бала арасындағы байланыстың, бақылаудың болмауының салдарынан болады. Бірақ бұл факторлар кейіннен кәмелетке толмағанның жеке басын қалыптастыруға теріс әсер етуі мүмкін: ешкім өз уақытын бос өткізіп жатқан жасөспірімнің болашақта қандай да бір заңсыз әрекеттер жасамайтынына кепілдік бермейді, – деді ювеналды полицияның аға инспекторы Нұржан Мукумов.

Полицейлердің айтуынша, тек кездейсоқтықпен жасөспірімдер зардап шекпеген және қылмыскерлердің нысанасына айналған жоқ. Балалар үйлеріне қайтарылды. Ата-аналар тәртіп сақшыларына алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру