«Борышкер»: Ақтөбеде 17 борышкер мен алимент төлемеуші анықталды
Ақтөбеде 17 борышкер мен алимент төлемеуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 7-11 қыркүйегі аралығында анықталмаған борышкерлер мен алимент төлемейтіндердің санын барынша азайту мақсатында облыс аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Акцияның мақсаты «нөлдік төзімділік» қағидатын, жол берілген бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету, салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру болып табылады.
«Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде 17 борышкер мен алимент төлемеуші анықталды.
Облыстық Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті немесе жол қауіпсіздігін бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдардың уақытылы төленуін ескертеді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген тәртіппен айыппұл сомасы мерзімінде төленбеген жағдайда мәжбүрлеп өндіріп алынуы мүмкін екенін еске саламыз.