Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының колонияларында 6 санитар жұмыс істейді

Павлодар облысының колонияларында алты санитар жұмыс істейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының мекемелерінде сотталғандар жұмыспен қамтылады, бірақ олардың барлығы өндірістік аймақта жұмыс істей бермейді. Олардың ішінде санитарлар да бар.

– Санитарлар ақылы жұмысқа ресми түрде тартылады. Олар медициналық бөлімшедегі палаталардың тазалығын бақылап қана қоймай, сотталған мүгедектерге қарайды. Пандемия басталғаннан бері санитарлар мекемелер аумағында эпидемияға қарсы шараларға тартылды. Олар жасақтарды өңдейді, барлық бөлмелерді дезинфекциялайды. Бұл үшін оларға обаға қарсы костюмдер мен дезинфекциялау заттары, қорғаныс құралдары – маскалар, қолғаптар, көзілдіріктер берілді, – дейді ҚАЖД сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру жөніндегі топтың аға инспекторы Динара Махмудова.

Сотталғандар еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты негізінде жұмыс істейді. Олар да жылына бір рет демалыс алады. Пандемияның басталуымен сотталғандар өтемақы немесе “ковидтік жәрдемақы” алады. Олар алған қаражатты өз қалауы бойынша жұмсайды: ақшаны отбасына жібере алады немесе шағым-талаптарды төлей алады. Сондай-ақ, мекеме аумағында олар бірінші кезекте қажетті заттарды сатып ала алатын дүкен бар. Сонымен қатар, санитар болып жұмыс істеу уақыты оларға еңбек өтілі болып есептеледі.

Сотталғандарда алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары болуы үшін оларға “Данель” медициналық мекемесінің дәрігерлері теориялық көмек көрсетеді. Оларға онлайн-дәрістер оқылады және санитардың негізгі дағдылары үйретіледі.

– Мен санитар болып үшінші жыл жұмыс істеймін. Мекемеге келгенде-ақ жұмыс істегім келді, солай мен жасақ бастығына жүгіндім. Содан кейін жұмысқа шықтым. Шынымды айтсам, үйреніп кеттім. Пандемия басталысымен көп ақша таба бастадым, жұмыс та көбейді. Біз бұрын жасалған жұмыс уақытын есептеу кестесі бойынша жұмыс жасаймыз, – дейді сотталған Андрей.

Колониядағы санитарлар медициналық білімсіз де жұмысқа қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру