Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әйелден 12 млн теңге бопсалаған 40 жастағы алматылық ұсталды

Әйелден 12 миллион теңге бопсалаған 40 жастағы алматылық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полицейлердің айтуынша, ақша табудың бұл әдісін “Шаңырақ” ықшам ауданының тұрғыны 40 жастағы Д.есімді ер адам қолданған. Бұрын ер адамның бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

– Полицияға 23 жастағы Н.есімді қыз жүгінді, ол анасының танысы әлеуметтік желіге интимдік сипаттағы суреттер мен бейнелерді орналастырамын деп қорқытып, бопсалау арқылы 12 миллион теңге талап етіп отырғанын айтты. Бұл факт ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол бұл заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде танысынан сұралған соманың бір бөлігін алғандығын мойындады. Тергеу жалғасуда, – деді Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру