Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бурабайда ер адам әйелдің сөмкесін ұрлап кетті

Бурабайда ер адам әйелдің сөмкесін ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бурабай полиция бөліміне Щучинск қаласының тұрғыны ұрлық туралы арыз берді. Әйел 19 тамызда «Бурабай» курорттық аймағында белгісіз адам өзіне тиесілі ішінде ірі ақша сомасы бар әмияны, жеке заттарымен сөмкесін ұрлап әкеткенін хабарлады.

Екі күн өткеннен кейін қаскүнемдер өтініш берушінің банктік карталарының бірінен ақша қаражатын шешіп алғаны анықталды, жәбірленуші картаның PIN-кодын ұрланғандардың ішінде болған блокнотта сақтаған.

Ұрлық жасауға қатысы бар адамдарды анықтау үшін полиция қызметкерлері бірқатар жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтады. Ол Щучинск қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру