Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 30-ға жуық сотталған рақымшылыққа ілінуі мүмкін

Мақтаарал ауданында қайта құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу бойынша пробация есебінде тұрған азаматтармен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Профилактикалық шараға Мақтаарал ауданы прокуратурасының аға прокуроры Жеңіс Сәрсенбай, аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Нартай Сабаев, аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің бас маманы Адина Шойғараева және пробация есебінде тұрған азаматтар қатысты.

Жиын барысында аға прокурор Ж.Сәрсенбай тарапынан пробация есебінде тұрған азаматтар тарапынан қайта жасалынып жатқан құқықбұзушылық пен қылмыстардың саны азаймай отырғаны айтылып, екінші рет құқықбұзушылық пен қылмысқа барған азаматтарға тағайындалатын жазалардың тым ауыр болатындығы түсіндірілді. Сонымен қатар, пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту бойынша бос орындар туралы хабарламалар жасалды.

– Жұмыспен қамтылған адамның құқықбұзушылық пен қылмыс жасауға уақыты жоқ деп ойлаймын. Сондықтан, бос жұмыс орындарына орналастыруға, өз кәсібін бастаймын деген пробация есебінде тұрған азаматтарға түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы көмектесуге әзірміз. Сіздерге осындай қамқорлық жасап жатқан елімізге деген алғыс сезімдеріңіздің артуына тілекші бола отырып, бұрын жасаған қателіктеріңізді екінші рет жасамауға шақырамын! – деді Мақтаарал ауданы прокуратурасының аға прокуроры Ж.Сәрсенбай.

Содан соң сөз алған аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Н.Сабаев Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында бектітілген баптар бойынша сотты болған азаматтарға рақымшылық жасалатыны айтып, жиналысқа қатысушыларды бір қуантып тастады. Ол үшін сотты болғандардың үздік тәртіптері, адамгершілік мінездері ескерілетінін аудандық пробация қызметінің бастығы тілге тиек етті.

– Біздің Мақтаарал аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдардың басым бөлігі түзелу жолына түсіп келеді. Олар, сот жүктеген міндетті мінсіз орындауға тырысуда. Әрине, Пробация қызметінің есебіне әртүрлі қателік жасап істі болғандар бар. Бірі, өздерінің жасаған қателігін қайталамауға тырысса, енді екіншісі өзіне жүктелген міндетке салғырттық танытад. Мақтаарал аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған отыз сотталған азамат рақымшылыққа ілінуі мүмкін, – деді аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Нартай Сабаев.

Айта кетейік, жиын соңында пробация есебінде тұрған азаматтар тарапынан көкейде жүрген сұрақтар қойылып, заң шеңберінде тиісті жауаптар берілді. Қазіргі таңда Мақтаарал аудандық пробация қызметінің есебінде 95 азамат тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру