Танысудан бас тартқан қыздың смартфонын тартып алған 25 жастағы петропавлдық қолға түсті
Танысудан бас тартқан қыздың смартфонын тартып алған 25 жастағы петропавлдық қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері көшеде тонау жасаған күдіктіні ұстады.
Полицияға сағат түнгі бір шамасында Сәтбаев көшесіндегі дүкендердің маңында белгісіз ер адам қыздың ұялы телефонын ашық түрде ұрлағаны туралы хабарлама түсті. Полицейлер бейнебақылау камераларын қарап, оның нәтижесінде тонау жасаудағы күдіктіні анықтады. Ол бұрын бұзақылық жасағаны үшін сотталған 25 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Сол күні кешке ер адам Интернациональная көшесіндегі дәмханалардың бірінен шыққаны және жатақхананың жанында вокзалға қарай бет алған қызды көргені белгілі болды.
Онымен таныспақ болған масаң жігіт Сәтбаев көшесінің бойындағы азық-түлік дүкендерінің біріне дейін жеткен, кейін қыздың қолындағы OPPO маркалы смартфонын тарып алып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Алайда келесі күні ол Екінші полиция бөлімінің қызметкерлерімен ұсталды.
Қазіргі уақытта аталған факті ҚР ҚК 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу жүргізілуде.
Полицейлер қала тұрғындарынан түн жарымында жарық аз түсетін жерлерден жалғыз жүрмеуге, дүкендердің, сондай-ақ полицияның Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына назар аударуға және криминал немесе құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда шұғыл ол жайлы тәулік бойы жұмыс істейтін «102» арнасына хабарлауды сұрайды.