Қазығұртта бесік той жасап, 100 қонақ шақырған тұрғын анықталды
Қазығұрт полицейлері карантин кезінде бесік той жасаған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының полицейлерімен карантин режиміне байланысты күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстары жүргізілуде. Оның аясында адам көп жиналатын басқосулар, той-жиындар мен іс-шаралар анықталып, қауіпсіздік шаралары қадағалануда.
Осындай кезекті рейд кезінде Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлері мобильдік топпен бірге Қазығұрт ауданы мейрамханаларының бірінде бесік тойын жасап, 100-ге жуық туыстарын жинаған тұрғынды анықтады. Тұрғындарға полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, карантин кезінде мұндай шараларға жол берілмеуі керектігі ескертілді.
Той иесі мен мейрамхана иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау мақсатында тиісті орынға жолданды.