Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыс полицейлері 100 келіден астам заңсыз балық аулаған браконьерлерді қолға түсірді

Арыс полицейлері 100 келіден астам заңсыз балық аулаған браконьерлерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс АПБ-ның кезекші бөліміне балық инспекциясы қызметкерінен Арыс ауданына қарасты аумақтағы Көксарай су қоймасынан заңсыз балық аулағандар жайлы хабарлама түседі.
Осылайша, оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері Көксарай су қоймасынан тормен балық аулаған екі күдіктіні анықтады.

Айғақты зат ретінде бір дана қайық пен балық аулауға арналған тор және 100 келіден астам ақсыла (жерех) балығы алынды. Күдікті адамдардың екеуі де Шардара ауданының тұрғыны болып шықты.

Полиция қызметкерлері күдіктілерді істің барлық мән-жайын анықтау үшін аудандық полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі уақытта аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабымен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру