Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылықтан ақшасы бар пакетті тартып алған ер адам ұсталды

Қарағанды тұрғынынан ақшасы бар пакетті тартып алған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 қыркүйек күні сағат 15:30 шамасында Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне Нұркен Әбдіров даңғылында бір адамды тонап кеткені туралы хабарлама түсті. Белгісіз біреу 62 жастағы тұрғыннан қолынан пакетті тартып алып, қашып кеткен. Жәбірленушінің айтуынша, пакетте 200 мың теңге, 200 АҚШ доллары және 3500 ресей рублі болған.

Полиция қызметкерлері күдікті 25 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, айғақты заттар алынды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру