Ақтөбе облысының әкімі ауылдық учаскелік полиция инспекторына қызметтік тұрғын үйдің кілтін табыстады
Ақтөбе облысының әкімі ауылдық учаскелік полиция инспекторына қызметтік тұрғын үйдің кілтін табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылғы 11 қыркүйекте облыс әкімі Оңдасын Оразалин, облыстық Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов және облыс прокуроры Марат Қайбжанов жұмыс сапарымен Қобда ауданына барды.
Құқық қорғау органдарының басшылары ел Президентінің азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу жөніндегі тапсырмасын іске асыру жөніндегі жұмыспен танысу мақсатында аудандық полиция бөліміне барып, тергеушілердің жұмысымен және процессуалдық шешімдерді электрондық форматта келісу бойынша олардың прокурорлармен өзара іс-қимылымен танысты.
Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында өңір басшысы Әлия Молдағұлова атындағы ауылда болып, аудандық әкімдіктің қолдауымен арнайы салынған учаскелік полиция инспекторы Нариман Ульяновқа қызметтік тұрғын үйдің кілтін табыс етті.
– Мемлекет басшысы мен ішкі істер министрі учаскелік полиция инспекторларына, олардың мәртебесін арттыруға және өкілеттіктерін кеңейтуге ерекше көңіл бөледі. Оларды қызмет көрсетілетін учаскелердің тұрғындары жақсы біледі және бірінші кезекте солардан көмек сұрайды, – деп атап өтті ПД бастығы Атығай Арыстанов.
Нариман Ульянов үш ауылдық округке қызмет көрсетеді. Жұмыс барысында ол өзін жағымды жағынан көрсетті. Ауыл тұрғындары оның жұмысына риза. Қазір полиция капитанының үлкен отбасы жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрайтын жарқын кең үйге орналасты. Үй орталықтандырылған жылу және сумен жабдықталған. Жайлы тұру үшін барлық жағдай жасалған.
– Бұл табысты жұмыс үшін ынталандыру деп санаймын. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен Қобда ауданының әкімі Болат Құловқа көрсеткен қолдауы үшін алғысымды білдіремін, – деді полиция ведомствосының басшысы.