Қызылордалық полицейлер бұрын ұрланған телефонды иесіне қайтарды
Қызылордалық полицейлер бұрын ұрланған телефонды иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2019 жылы 7 маусымда жәбірленуші Қызылорда қаласының тұрғыны М. есімді әйел 15 жастағы Е. есімді баласы Төретам кенті, И.Амангелді көшесі бойында орналасқан “Спорт кешенінде” жарыста жүргенде Huawei маркалы ұялы телефоны ұрланғандығын көрсетіп арызданған. Келтірілген шығын 80 000 мың тенгені құрады.
Аталған дерек бойынша бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталып, іздестіру жұмыстары жүргізілді.
2021 жылдың шілде айында ұялы телефонды ұрлаған Жаңақорған ауданының 61 жастағы тұрғыны Өкілдіктің Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдерімен анықталып, ұсталды. Айғақ зат Huawei маркалы ұялы телефон жәбірленушіге қайтарылды. Жәбірленуші азаматша полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.