Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мұғалжар ауданында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Мұғалжар ауданында мал ұрлығымен айналысқан алты адамнан тұратын қылмыстық топ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрланған малды Ақтөбе және Қандыағаш қалаларының базарларында сатқан.

Құрамында алты адам бар қылмыстық топ ұсталды. Қазіргі уақытта аталған қылмыстық топтың Мұғалжар ауданы аумағында мал ұрлығының 5 дерегіне қатыстылығы дәлелденді. Күдіктілердің облыс аумағында мал ұрлығын жасауға қатыстылығы тексерілуде, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.

Ұрланған малдың кезекті партиясын өткізу кезінде Мұғалжар АПБ қызметкерлері облыс орталығындағы әріптестерімен бірлесіп алты адамды ұстады, олардан алты бас ірі қара және ГАЗель автокөлігі тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 188-1-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілудеАлдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасалған “Мал ұрлығы” бабының санкциясы мүлкін тәркілей отырып, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Бес күдікті Ақтөбе қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру