Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері заңсыз мал тасымалдаудың 5 жайтын анықтады

Түркістан полицейлері заңсыз мал тасымалдаудың бес жайтын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш ауданының полицейлері мал ұрлығының алдын алу бойынша жедел профилактикалық іс-шараны ұйымдастырды. Шара мақсатында аймақтағы мал ұстаушы жеке үйлер мен шаруақожалықтарындағы малдарды сырғалануы, таңбалануы мен жолқатынастарындағы мал тасымалдаушы көліктерге тексеріс жүргізілді.
Аталған іс-шараға сәйкес жұмыс барысында полиция қызметкерлері Шымкент-Жетісай тас жолының бойында мал тасымалдаған 38 автокөлікті тоқтатып, олардың рұқсат қағаздары мен ветеринарлық куәліктерін тексерді. Нәтижесінде «ГАЗель», «Уаз», «КамАЗ» маркалы автокөліктермен заңсыз мал тасымалдаған бес жүргізушіні анықтады.

Сондай-ақ көліктерге ветеринарлық құжатсыз ірі қара және ұсақ малдар тиелгендігі белгілі болды.

Анықталған автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша тиісті құжаттар жинақталып, Сарыағаш аудандық ветеринария бөліміне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру