ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті сотталғандар арасында «Үміт-2021» байқауын өткізді
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандар арасында «Үміт-2021» байқауын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы №508 бұйрығымен бекітілген тәрбие жұмысын жүргізу мақсатында ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесі сотталғандар арасында суреттер мен қолданбалы өнер бұйымдарының «Үміт-2021» байқауын өткізді.
Жазасын өтеушілер арасында «Үміт-2021» байқауының ұйымдастыруының басты мақсаты – сотталғандарды эстетикалық талғам және қоршаған ортаға қайырымды қарым-қатынасты тәрбиелеуге ықпал ететін, сотталғандарды табиғат сұлулығы, өнер, әдебиет, кескіндеме шығармашылықтары жөнінде түсініктердің дамуына бағытталған, эстетикалық тәрбиелеу болып табылады.
Байқауға барлығы 12 сурет пен қолданбалы өнер бұйымдары ұсынылды. Әр жазасын өтеуші өздері дайындаған суреттер мен бұйымдарына түсіндірме беріп, өз ойлары мен ішкі сезімдерін толық жеткізе алды. Әр қатысушы байқауға белсене қатысып, үлкен жауапкершілікпен қарады.
– Ең үздік суреттер мен қолданбалы өнер бұйымдарының қорытындысын шығару мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне жолданып, жүлделі орындарға ие болған сотталғандарды марапаттайтын болады, – дейді мекеме бастығы Жумажанов Роллан.