Қарағандыда үш ай бұрын жасалған тонау фактісі ашылды
Қарағандыда үш ай бұрын жасалған тонау фактісі ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 маусымда 41 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Теміржол полиция бөліміне хабарласқан. Жәбірленушіге белгісіз біреу күш көрсетіп, қорқытып, ұялы телефонын тартып алған. Келтірілген шығын көлемі 52 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
14 қыркүйекте жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 26 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.