Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда үш ай бұрын жасалған тонау фактісі ашылды

Қарағандыда үш ай бұрын жасалған тонау фактісі ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 маусымда 41 жастағы қала тұрғыны Қарағанды ​​қаласының ПБ Теміржол полиция бөліміне хабарласқан. Жәбірленушіге белгісіз біреу күш көрсетіп, қорқытып, ұялы телефонын тартып алған. Келтірілген шығын көлемі 52 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

14 қыркүйекте жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 26 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру