Түркістан облысында пробация қызметінен қашып жүрген сотталған құрықталды
Түркістан облысында пробация қызметінен қашып жүрген сотталған құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Instagram және Facebook ресми парақшасына Төлеби аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталған екі ер адамға іздеу жарияланған болатын. Осындай әлеуметтік желі арқылы іздеудің нәтижесінде Раджа Аманжоловтың бой тасалаған мекенжайын білетіндер бірден хабарласты. Көрсетілген мекенжайда жасырынып жүрген қашқынды қолға түсірді.
Түркістан облысы Леңгір қаласында тұратын А.есімді әйел Instagram парақшасына жарияланған хабарламаны көріп, бірден пробация қызметіне қоңырау шалып, хабар берді.
– Раджа Аманжолов пробация қызметкерлерінің ескертулеріне құлақ аспай, жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген уақытта үйінде болмай, профилактикалық іс-шаралаға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған болатын. Сондай-ақ ол өзінің мекенжайының ауысқаны жайында ескерту жасамады. Мұның бұл әрекеті заңға қайшы болып табылады, – деді Төлеби аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Асқар Қамбарбаев.