Сервистік полиция моделі: елордалық ПД қызметкерлері брифинг өткізді
21 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Арман Айтмағамбетов пен ПД ресми өкілі Данияр Оралов «Сервистік полиция моделі: учаскелік инспекторлардың жұмысындағы жаңа әдістер мен республикалық «Учаске» профилактикалық іс-шарасының барысы туралы» брифинг өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара баспасөз конференциясы мен брифингке арналған жаңа студияда өтті. Апта сайын студияда БАҚ және Полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен іс-шаралар өтеді.
Бүгінде полиция қызметінің басым бағыттарының бірі – халықпен жұмыс істеудің сервистік моделіне көшу болып табылады.
Брифинг барысында Арман Айтмағамбетов полицейлердің сервистік моделі тұрғысынан тұрғындармен өзара әрекеттестігі ең алдымен полиция қызметкерлеріне сенім мен серіктестік принциптеріне негізделгенін атап өтті.
Сервистік модель аясында учаскелік полиция инспекторының жұмысына басты назар аударылады.
WhatsApp чаттарды пайдаланудың бастапқы кезеңі учаскелік полиция инспекторларының танымалдығын арттыруға оң әсер етті. Қазір бұл тәжірибе жетілдіруді, халықпен қарым-қатынас сапасын арттыруды талап етеді. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының учаскелік бекеттерінің жұмысына халықтың арыз-шағымын қабылдау үшін Telegram мобильдік қосымшасын пайдалану жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта каналдарды профилактикалық ақпаратпен толтыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде азаматтар УПИ жұмысын бағалай алады. Учаскелік полиция пункттері, олардың шекаралары, учаскелік инспекторлардың өздері және олардың жұмысы туралы мәліметтер болады. Сондай-ақ, учаскелік полиция қызметкерлерін ақпараттық қамту, сервистік полиция тәсілдері негізінде елордалық учаскелік полиция инспекторларының халықпен тиімді байланысын оңтайландыру мен автоматтандыру маңызды болып табылады.
Азаматтармен тығыз əрі сенімді қарым-қатынасты орнату, сондай-ақ, елорда аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі мен 1 желтоқсан аралығында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітіліп берілген әкімшілік аумақта халықпен танысу, әртүрлі құқық бұзушылықтарға жол берген адамдарды анықтау және олармен профилактикалық жұмыстарды жүргізу, ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғаларды тексеру мақсатында аулаларды және пәтерлерді аралап шығады.
«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері учаскелік инспекторлар 52 мыңға жуық пәтер мен 8 мың жеке үйді аралап шықты. Тұрғылықты жері бойынша ІІО-да есепте тұрған 4700-ге жуық адам тексерілді, сондай-ақ, 4500-ден астам азаматтық қару иелері тексерілді.
Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 10 мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: «ҚР-да тіркеусіз тұру» бойынша – 3476, «Ұсақ бұзақылық» бойынша – 100-ден астам, «Қоғамдық орында масаң күйде болу» бойынша – 1361 адам және т.б.