Степногорск қаласында ауруханадан радиотелефон мен кварц шамын ұрлаған ер адам ұсталды
Степногорск қаласында ауруханадан радиотелефон мен кварц шамын ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Степногорск қаласының ПБ учаскелік полиция инспекторы қалалық аурухананың қызметтік кабинетінде болған радиотелефон мен кварц шамының ұрлануын ашты.
18 қыркүйек Полиция басқармасының кезекші бөліміне медициналық қызметкер полицияға 16 қыркүйекте сағат 20:00-ден 21:00-ге дейін белгісіз адам радиотелефон мен кварц шамын ұрлап кеткенін хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды, ол уақытша жұмыс істемейтін жергілікті тұрғын болып шықты. 52 жастағы ер адам бұл күні медициналық көмек алған.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.